Елімізде тағамды енді роботтар жеткізеді: сынақ басталды

1 505

Фото:  Алматы қаласының әкімдігіАлматыда автономды жеткізуші роботтар сынақтан өткізіле бастады. Қазір олар Самал ауданында жұмыс істеп жатыр. Алғашқы кезеңнің нәтижесіне қарай қызмет көрсету аумағын кеңейту мәселесі шешіледі, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Роботтар бағытты өздігінен құрып, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымымен қозғалады. Олар камералар, лидарлар, ультрадыбыстық датчиктер, 3D-карталар және жасанды интеллект алгоритмдері арқылы жолдағы кедергілерді анықтайды, жүргіншілерге жол береді және қажет жағдайда тоқтайды.

Межелі жерге жеткен соң роботтың жүк салатын бөлігі смартфон арқылы ашылады. Бір жеткізуге орта есеппен 15–30 минут жұмсалады.

Алматы осындай технология енгізілген Қазақстандағы Астанадан кейінгі екінші қала болды. Қазір роботтар шектеулі аумақта сынақтан өтіп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.