"Қаралы күнге" тіл тигізген блогер 10 тәулікке қамалды
TikTok-та ақылға сыймайтын әрекет жасағандар есепке қойылды.«Қаралы күнге» тіл тигізген Шымкент тұрғыны жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир анықталды.
Эфир барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Бердібай Нұрахмет көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамға құрметсіздік танытатын сипаттағы сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Онымен бірге тікелей эфирге 22 жастағы Мусурманқұл Абзал және Мустафа Бақдәулет қатысқан. Сот шешімімен Бердібай Нұрахмет 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, үш азаматқа да қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту шығарылып, үшеуі де ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне бір ай мерзімге қойылды.
Қаз
Рус






