Көліктің кранына дарға асты

497
Тәліптер Герат қаласында адам ұрлады деп кінәланған төрт адамды көпшіліктің көзінше дарға асты - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі baq.kz сайтына сілтеме жасап.  

Aamaj News агенттігінің хабарлауынша, бұқаралық ақпарат құралдарында адамдарды жазалау барысында түсірілген бейнетаспалар жарық көрген.  Онда ер адамдарды  көпшіліктің көзінше көліктің кранына дарға асқан. Бұл көп жылдардан бері жасалған алғашқы жазалау.

 1996-2001 жылдары Тәліптер Ауғанстан билігінде болған кезде елде көпшіліктің көзінше таспен ату, аяқ-қолын кесу және дарға асу сияқты жазалар кеңінен тараған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.