Қызылордадағы 1 миллиард 415 миллионға бағаланған «қоқыс ПОЛИГОНЫ» қайда?

1 839


Қызылордада салынған қоқыс полигонының қазіргі жағдайы мәз емес, -  деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.  
Қызылорда облысында қоқыс сұрыптау кешенінің қатты тұрмыстық қалдықтары (ТҚҚ) полигонын салуды жоспарлап,  іске асыру мерзімі 2019-2020 жылдарға жоспарланып, 40 жұмыс орны ашылады деп хабарлаған облыс әкімдігі  2019 жылы халықтың бір қуантқан еді. 
Шындығында, қала іргесіндегі Белкөл кентінің сыртында полигон мен сұрыптау кешені үшін 20 гектар жер бөлінді, кешен іске қосылғаннан кейін онда жыл сайын 60 мың тоннаға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жоспарланды делінген болатын. Ал жоба  құны 1 миллиард 415 миллион теңгеден астамға бағаланған болатын. «Техоснастка Ремсервис» ЖШС шығынның бір жартысын, екінші бөлігін мемлекет өз мойнына алады. Сонымен қатар, жаңа кешенде қоқыстарды жинау, сұрыптау және шығаруға дейін бір кәсіпорын айналысатын болады, - деген Өңірлік коммуникацияларда өткен брифингте 2019 жылы  Қызылорда облысы әкімінің орынбасары  қызметінде жүрген, бүгінгі «Экология, геология және табиғи ресурстары» вице-министрі Қожаниязов Серік Салаватұлы
Бастапқы кезеңде сұрыптау жұмыстары жүргізіледі, яғни  қағазды бөлек, пластикті бөлек және т.б. Экологиялық талаптарға сәйкес, полигонға пластик пен қағаз түріндегі қалдықтарды  көмуге болмайтындықтан, бірінші кезекте сұрыптау кешенін салып жатырмыз. Уақыт өте келе  қалдықтарды  қайта өңдеуді жолға қоюды жоспарлап отырған әкімдік те, мердігер мекеме де жоқ. Шындығында солай өзін «Полигон» ҚТҚ басшысымын деп таныстырған  ағамыз: «Сіздер техникалар жұмыс жасамай тұрған сәтте келдіңіздер. Техника модернизациядан өту керек, жарты жыл болды жұмыс жасамағанына»,-деп дүрсе қойды. Осы орайда: «зауыт жөнделгенше қоқыс осылай жиналып тұрады. Өртеуге рұқсат жоқ сұрыптаймыз. Қазір жұмысшылар келісім-шарт бойынша қолмен қарып, бес литрлік пластиктерді сұрыптап жатыр. Бұрынғы полигоннан қазіргі полигон айналайын ғой»,-деді мекеменің мастері Мақсат.  


Енді бір сөзінде  «3 ай болды, жөндеу керек», деген басшылық техниканың қай уақытта істен шыққанына ұзақ болған сыңайлы жұмыс жасамаған уақыт шатастырып жатыр. Қоқысқа тасталған тонналаған азық ит пен мысық, егеуқұйрықтар мен құстардың көбеюіне көмектеседі. Сол жылдары облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Әбдуалиевтің айтуынша: «өңірдегі бірінші кезектегі экологиялық мәселелердің қатарында полигондардың экологиялық және санитарлық талаптарға сай болуы да бар»,-деп тілге тиек еткен болатын. Расында, антисанитария! Ол жердегі тау болып үйілген қоқыс, өлексеге келген қарғалар мен шағалалардан көз алуыңыз мүмкін емес. Тау-тау болып үйілген қоқыс жуырда сұрыпталып, өңделеді деп те айтуға ауыз бармайды. 
Сонда, қыруар қаржыны талап еткен техниканың бар-жоғы екі жылды ғана қамтитын жобаны әзірлегендігі ма? 40 жұмысшыны қамтимыз деген мекемеде бүгінде 15 жұмысшы ғана қызмет жасайтындығы да мәлім болды. Мекеменің қара жұмысшылары пластиктерді қолмен қарып, қапқа буып отырғандығын да көзім шалды. Сонда салынған полигонда қолмен қаруды ойластырғандығы ма? Алынған техниканың күші қайда қалды? Осыдан түрлі ауруларды да жұқтырып алуы әбден мүмкін. Мекеме басшылығы жұмысшылардың жағдайын ескермегендігі ме?
2019 жылы жарияға жар салынып, іргетасы қаланған полигонның байқау қорытындысы бойынша жобаны жүзеге асыратын компания анықталып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құрал-жабдықтар жартылай сатып алынды, ангар орнату жұмыстары басталды, жол төселді. Нысан жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда, деген биліктің болжамы бұлыңғыр арманға айналғандай. Жол төселгендігімен, аты шулы «ангардың» бүгінде іске қосылмауына не себеп? Жалпы мемлекеттен бөлінген қаржы қайда кетті? Осы орайда, Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Арман Туленов: «Қазіргі таңда полигон жұмыс жасап тұр. Ешқандай ахау жоқ. Полигон жұмысының тоқтауына да негіз жоқ»,-деген. Сонда қаладан шет аймақта орналасқан қоқыс алаңының жұмысынан бейхабар болып отырғандығы белгілі болды. Басшылыққа ескертілмеген, я болмаса техниканы әдейілеп іске қоспай отыр. Сонда салынған полигонның мақсаты қандай? Бүгінде топырлаған ит пен құстың азығы болған қоқыстан қандай зат өндірілмекші? Миллиондарды емес миллиардтарды талап еткен қоқыс алаңы бүгінде  қызметін жалғастыруына кім кедергі? Біздің облыс әкімдігі орын алған жәйттерден хабары бар ма? Сірә, жоқ-ау! Хабары болса, нөкерлерін жіберіп, барлау жұмыстарын жүргізер еді. «Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отаудың» кейпін киген қоқыс алаңының мәселесін талқыға салып, ат үсті қарайтын емес, жауапкершілікті алға тартатын адамды тағайындаған да жөн болар. Бір күндігін емес, мың жылдығын ойлайтын басшы болса нұр үстіне нұр болар еді.
 
редактор,
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ