Елімізде 2022 жылы педофилдерге электрондық білезік тағылады
496
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педофилдерге электрондық білезік тағылады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Пробациялық бақылауды дамыту үшін электрондық білезіктер енгізілуде. Биыл біз бұл жұмысты ілкі жоба ретінде бастаймыз. Бірінші кезекте 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педофилдерге қатысты қолданылады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Министр Қазақстанда зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылғанын еске салды. Енді осы қылмыс үшін сотталғандарға мерзімінен шартты түрде босату және рақымшылық шаралары қолданылмайды.
Былтыр жазда ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев электронды білезіктер өте қымбат екенін, сатып алмайтынын мәлімдеген еді, ал сотталғандарды қосымша арқылы бақылауға болатынын айтты.