СҚО-да көпқабатты үйдің есігі жоқ балкондары жұртты таңғалдырды

331
Желіде Солтүстік Қазақстан облысындағы көпқабатты үйдің есігі жоқ балкондары талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде көпқабатты үйдің балкондары көрсетілген видео тарады. Бірақ пәтерден балконға шығатын есік жоқ, онда тек терезелер бар.

"Балкондар, терезелер, бірақ оған шығатын есік жоқ. Оған баспалдақпен немесе терезе арқылы кіреді. Мұндайды бізде ғана, Сергеевкада ғана жасай алады", - дейді видео авторы.

Видео Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласында түсірілгені анықталды. Ол жерде қараусыз қалған үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұл нысанды қалпына келтіруді жеке құрылыс салушы жүргізіп жатыр. Оның айтуынша, балкондар жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылмаған. Құрылыс салушы балкондарды алып тастамай, қалдыруды ұйғарған", - деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Саят Омаров.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.