Ақтөбеде 15 жастағы қыз өзіне қол жұмсады: бір жыл бұрын марқұмды 11-сынып оқушысы зорлаған
Ақтөбеде 15 жастағы қыз ғашығы болған 11-сынып оқитын жігітінен қорлық көріп келген.
Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды 11-сынып оқушысы зорлаған. Бір жылдан кейін оқушы қыз 29 сәуір күні өз өміріне қол жұмсады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
НеМолчиKZ қорының жазуынша, 15 жастағы Лананы сүйіктісі болған 11-сыныпта оқитын жігіті зорлаған. Сол күні кешке қызға біреу телефон соққан. Содан кейін ол үйінің шатырына шығып, асылып қалған.
Куәгерлердің айтуынша, жігіт қызды көшеде ұрып, тепкілеген көрінеді. Қыз ата-анасына ештеңе айтпаған.
Ақтөбе облысында Мәртөк ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама жүргізілді.







