Ақтөбеде аса қауіпті қылмыскер қамаудан қашып кетті

325
Ақтөбе қаласының тергеу изоляторынан аса қауіпті қылмыскер қашып кетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі aktobe_zello сілтеме жасап.

23 қаңтар күні шамамен сағат 6:00-де 1973 жылы туған М.Айтқалиев қамаудан қашқан.

Ол аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген, тергеу изоляторынан медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген. Сол жерден қашып кеткен. Үстінде сырт киімі болмаған.

Бүгін қалалық полиция департаменті қылмыскердің әлі табылмағанын хабарлады.