Қызылордалық саңыраулар жұмысқа орналаса алмай жүр
1 519
Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық жұмыс орындарына орналасуы қиындық тудырып отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде жұмыссыздардың саны жыл санап артып келеді. Екі қолға бір күрек табылады дегенмен де, ерекше жандар үшін біздің қоғамда тұрақты жұмыс түгілі, қоғамдық жұмысқа орналасу қиындық тудырып отыр, дейді «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Орда корпоративтік қорының басшысы.
Расында, мүмкіндігі шектеулі жандардың көтеріп отырған сауалдары да қоғам үшін маңызды. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Орда корпоративтік қорының басшысы Алтынкүл Аяпованың айтуынша, қоғамдық жұмыс орнына 30 адам талап етіп, алайда 20 адам орналасып 10 адам қабылданбай қойды деген болатын осы орайда мән жайды білу үшін арнайы «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ ат басын бұрған болатынбыз:
Қоғамда көп мәселесі шешімін таппаған саңыраулар үшін ең төменгі жалақы беретін қоғамдық жұмыстың өзі үлкен көмек екені белгілі. Алайда жергілікті биліктің олардың жанайқайына құлақ аспай отырғаны көңіл қынжылтады. Дегенмен, Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев бұл мәселеге бей-жай қарамайды деген үміттеміз.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Былтыр 25 адам жұмыс жасаған болатын. Ал, биыл 20 адам ғана беріп отыр. Қоғамдық жұмысқа «Мүгедектер қоғамы» бірлестігіне орналастырса екен дейді. Бүгінде жағдайы жоқ мекеменің ішінде кім жұмыс атқарғысы келеді дейсіз. Ал, мемлекеттік не жеке мекемелерде саңырау мен мылқаулар тілін түсіну қиын. Ол үшін сурдоаудармашы болуы тиіс. Жұмысқа орналасудың өзі бір азап. Сондықтан, мүгедектер қоғамында өз ортасында қызмет еткісі келетіндігін жергілікті билік назарға алмайды»,- дейді Алтынкүл Аяпова.
Расында, мүмкіндігі шектеулі жандардың көтеріп отырған сауалдары да қоғам үшін маңызды. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Орда корпоративтік қорының басшысы Алтынкүл Аяпованың айтуынша, қоғамдық жұмыс орнына 30 адам талап етіп, алайда 20 адам орналасып 10 адам қабылданбай қойды деген болатын осы орайда мән жайды білу үшін арнайы «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ ат басын бұрған болатынбыз:
«Бүгінгі күні біздің мүмкіндігі шектеулі жандардың ішінен жалпы алғанда 300 ден астам жұмыссыз ретінде тіркеліп отыр. Алайда барлығын бірдей жұмыспен қамту мүмкін емес екендігін ескерген жөн. Ал, Алтын Аяпованың мәселесіне келсек, алдағы уақытта жұмыс жүріп, өз дәрежесінде қызмет ете бастаса еш кедергісіз қалған азаматтарды жұмысқа қабылдауына болады. Ал, келісім бойынша 30 адам деп көрсетілгендіктен. Кез-келген уақытта жетіспеген мамандармен толыға алады»,- деді «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Жақсылық Тулегенов.