Қазақстан жер көлемі жағынан сегізінші орынға көтерілуі мүмкін
511
Қазақстан жер көлемі жағынан сегізінші орынға көтерілуі мүмкін,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Opennews.kz ақпарат агенттігі Bugin.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы журналист әрі қоғам белсендісі Оңғар Қабден Facebook желісінде жазба жариялады.
«Қазақстан жер көлемі жағынан сегізінші орынға көтерілуі мүмкін
Себебі, жерді меншігіндей сатқан кейбір жемқор шенеуніктердің жалған құжат жасауынан Павлодар облысы мен Қарағанды облысы арасында 17 мың гектар жер ауадан пайда болған. Екі облыстың да салаға қатысты мамандары бұл жерді өздеріне тиесілі деп, құжат жүзінде көрсетуде.
Даулы жер Қарағанды облысының картасында Осакаровка ауданына тиесілі деп көрсетілсе, Павлодар облысының картасында Баянауыл ауданына жатады деп көрсетілген. Ал, Қарағанды облысы жер басқармасының қағаз картасында жер Павлодар облысы деп жазылып тұр.
Ал, Қазақстан Республикасының картасында Павлодар облысы деп көрсетілген.
Бұл жерді осы күнге дейін Павлодар облысының шаруалары пайдаланып келген. 2014 жылы жер дауы пайда болғанда екі облыстың басшылары кездесіп, ресми құжат шыққанша кім пайдаланып отыр, солар пайдалана берсін деген құжатқа қол қойған болатын. Бірақ, осы даулы жерді Қарағанды облысының әкімдігі кәсіпкерлерге беріп жіберген. Сонда бұл жердің өз облысына тиесілі емес екенін біле тұра Қарағанды облысының жер бөлімі қалай ғана кәсіпкерлерге берген? ҚР Қылмыстық Кодексінің екі бабы бойынша яғни, қызмет бабын асыра пайдалану мен жалған құжат жасау негізінде іс қозғауға болады ғой. Бұл істің басы қасындағылар бұның артында Қарағандылық үлкен ағашкалар тұр дейді. Осы жердің дауы басталғанда ауыл тұрғындарына қарағандылық кәсіпкерлер «артымызда Нығматуллин тұр. Ештеңе істей алмайсыңдар» депті.
Осы мәселеде мен түсінбейтін 4 жағдай бар және соған түсініктеме ешкім бермеді:
1. Жер ресурстарын басқару комитетінен 2020 жылдың 26 ақпанында жауап хат келсе, өздері айтқан жұмыс тобы осы уақытқа дейін не бітірді? Бұл мәселе Таулы Карабахтың мәселесі емес шығар 30 жыл шешілмейтін. Комитет осы даулы мәселеге неге немқұрайлы қарап отыр?
2. Комитеттің жауап хатында мәселе шешімін тапқанға дейін жер учаскелерін беруді тоқтату жөнінде Павлодар және Қарағанды облыстарының атқарушы органдарына ұсыныс жолданғаны жазылған. Сонда Қарағанды облысының атқарушы органдары ұсынысты елемегені ме?
3. Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы ғимаратының ішінде ілініп тұрған жер картасында мен иеленіп отырған жер неге Павлодар облысына қарасты болып тұр? Ондай болса Қарағанды облысының картасы екі түрлі ме? Немесе Қарағанды облысының жауапты мамандары өз облысының жерін білмейді ме?(фотолар қосымша ұсынылып отыр)
4. Даулы жер учаскесін екі облыс та өз есептеріне кіргізіп отырса, онда ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті осы уақытқа дейін қалай есептерін қабылдап келген? Қабылдаса, мемлекетіміздің жер көлемі 17 мың гектарға артық көрсетіліп, өтірік мәлімет жасалып келген бе? Олай болса еліміздің әр шаршы метр жерін есепке алып, бақылап отырған комитеттің жауапты мамандарының жұмысын қалай бағалаймыз? Бұл үлкен түйіткілді қоғамдық дауға ушықпайды ма? Осы сұрақтарға жауапты кімнен сұраймын?
Жалғасы бар...» - деп жазды ол.