Пробация есебіндегі азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды

365
Қармақшы аудандық пробация есебіне алынған А есемді азамат  бөтеннің мүлкін жымқыру ниетімен танысының  үйінен  жасырын ақша ұрлаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оған сот үкімімен  ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3) тармағымен  кінәлі деп танылып, 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жазасын өтеу үшін Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіне алынған.   
Сотталған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  отыз жылдығына байланысты Рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жазасының өтелмеген мерзімінің үштен бір бөлігі, яғни 6 (алты) ай 2 (екі) күн мерзімі қысқартылған.

Сотталған жаза өтеу барысында өзіне сот тағайындаған жазаның белгілі мөлшерін өтеуіне байланысты  ҚР ҚК-нің 72-бабына сәйкес сот органына өзін жазасынан шартты түрді мерзімінен бұрын босату үшін өтініш жолданып, өтініш Қармақшы аудандық сотымен «WhatsАpp» мобильді қосымшасы арқылы қаралды.

Сот отырысында судья сотталған жаза өтеу барысында белгіленген тәртіп бұзбағандығын, сот  шығындарын толық өтегендігін, пробация қызметімен жақсы мінезделіп, ұйымдастырылған спорттық, мәдени іс-шаралармен түрлі кездесулерге қатысып, пробация қызметімен қойылған талаптарды бұзбай, өзінің түзу жолға түскендігіне сеніп, сотталғанның өтінішін қанағаттандырып, оны жазасынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатты.

Бақыт Оразалиев
Қармақшы аудандық пробация 
қызметінің инспекторы
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.