Жалаңаш күйде көшеге шыққан ер адам жазаланды

1 511

Фото:© Видеодан скринАстанада әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот көпшілік жерге жалаңаш шыққан ер адамның ісін қарады. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Соттың мәліметінше, Қ. есімді азамат қоғамдық орында бөгде адамдардың көзінше жалаңаш жүрген. Осылайша, ол қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын өрескел бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Сондай-ақ азаматтардың ар-намысы мен тыныштығына нұқсан келтіретін жағдай туғызған.

Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. Сонымен қатар құқық бұзушылық бейнежазбаға түсірілген. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сот өкілдерінің айтуынша, жаза тағайындау кезінде істің мән-жайы, құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығы, кінәлінің жеке басы, сондай-ақ оның құқық бұзушылыққа дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы ескерілген. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.