Арал ауданы Қамбаш көлінің бүгінгі ахуалы қандай?

478
Кешегі Арал ауданында орын алған  қар көшкіні туралы,  Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары  Ізбасар Бауыржанұлы Шірімбекұлы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Кеше 29 наурыз күні Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде көл жағасына жиналған мұз ығысып,  біраз құрылыс нысандарына зардабы тиді. Сонымен қатар,  «Аққұмшық» демалыс аймағының жазғы жағалау аумағ запдап шекті.
Осы орайда, 
« Бүгінде су өз деңгейінде тұр. «Аққұмшық» демалыс аймағының уақытша құрылыстарын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, зардап шеккен ғимараттарды да нысанға алдық.  Адам шығыны орын алмады», - деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары  Ізбасар Бауыржанұлы Шірімбекұлы

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша өңірде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жеткен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.