Петропавл мен Павлодардың атын ауыстыруды 13 мыңнан астам адам қолдады

417
«Қызылжар және Ертіс деп солтүстіктегі екі қаламыздың атаулары өзгертілсін!» деген ұранмен онлайн-пет иция өтіп жатыр. Бүгінге дейін бұл ұсынысты қолдағандардың саны 13452-ден асты деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ұсынылып отырған атаулар халыққа бұрыннан белгілі. Тіпті петиция мәтінінде атауларға қатысты қысқаша анықтама бар.

QYZYLZHAR  – «Қызылжар көп қазаққа арман жерсің, Керейде Толыбай сыншы туын тігіп, Атыңды «Қызылжар» деп бабам қойған» деген өлең шумақтары бар. Ал Толыбай сыншы ХVІІ ғасырда өмір сүрген адам. Бертінірек Қызылжар қонысын Атығайдың Дәулетәлі деген байы мекен еткенін Сәбит Мұқанов жазды. «Әулие Петр» (Петропавлдың алғашқы атауы) қорғаны болса тек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында салына бастап, 1770 жылы ғана аяқталған. Сол себепті бұл жерде жер атауы болмаған деген шындыққа жараспайды.

ERTIS – «Jebe» қоғамдық бірлестігі Павлодар қаласының атауын Ертіс деп өзгеруін ұсынып отыр. Бұрыннан көшпелі қазақ Павлодар облысын Ертіс-Баян өңірі деп атап келген. Қазіргі таңда қалада сол атауды жаңғыртуда. Ақпараттық холдинг «Ертіс-Медиа» облыстық «Ертіс» телеарнасы және Олимпиадалық бассейнмен заманауи мультимедиалық музей «Ертіс» аталады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.