Павлодарда екі млн теңгесін қайда қойғанын білмеген тұрғын полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

266
Павлодарда әйел адам пәтерін жөндегеннен кейін екі миллион теңгесін таба алмай қалған. Осыдан кейін ол көмекке тәртіп сақшыларын шақырған деп жазады Pavlodarnews.kz. 

Басылымның жазуынша, тұрғын Вера Николаева пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жұмысшылар кеткен соң 2 млн теңгесінің жоғалғанын анықтаған. Жоғалған қаржыны таппаған соң полицияға ақшасының ұрланғанын айтып, арыз жазған.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы келіп, пәтерді тексеру кезінде жоғалған ақша мен құжаттарды үйдің ішінен тауып алған.
"Мен әдеттегі жерден ақшаны таба алмаған соң қобалжыдым, өзім ақшаны қайда қойғанымды ұмытып қалыппын. Басшылықтан көмек көрсеткен қызметкерлердің еңбегі мен біліктіліктерін атап өтуді сұраймын, оларға деген алғысым шексіз", - деді Вера Николаевна.

Ол Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына алғыс хат  жолдаған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.