Қостанай облысында қонаққа барған әйел күтпеген оқиғаға куә болды

883
Қостанай облысына қарасты Лисаковск қаласында құрбысының үйіне қонаққа барған әйел шошып кетті. Ол пәтерге келген кезде құрбысының мәйітін көрген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лисаковсктегі пәтерлердің бірінен 56 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Оқиға 8 сәуірде болған.

Үйдің есігі ашық болған.

Қазір осы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысы бойынша әйелге зорлық-зомбылық көрсетілгені анықталған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.