Жаңақорған тұрғындары жаңа әкімді сынға алды

1 975
Жуырда Жаңақорған аудан әкімі лауазымын иемденген су жаңа аудан басшысы Мұрат Тілеумбетов Жолкелдіұлын  аудан тұрғындары әкім ретінде қабылдамайтындығын айтуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетсек, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданындағы іс-сапарында  аудан әкімі етіп Мұрат Тілеумбетовті тағайындаған болатын. Алайда, жаңа әкімнің бұл қызметте басшылық етуіне бір топ  аудан тұрғындары наразылығын білдіріп әкімдікке жиналғаны мәлім болды.
Бұл туралы ауданның қоғам белсендісі Сандуғаш Тұрлыбекованың әкімдік ғимаратында өткізілген кездесуді әлеуметтік желіге жариялаған  тікелей эфир барысынан аңғаруға болады.
Қоғам белсендісінің айтуынша,  әкімдікке жер мәселесі мен жуырда ауданда орын алған зорлық әрекеті бойынша шара көруді сұрауға барған.
Осы орайда, мәселенің мән-жайын анықтау барысында Жаңақорған аудан әкімдігіне хабарласқан болатынбыз.
Алайда, жаңа әкіммен байланыс орнату мүмкін болмады. Десек те, әкімдік ғимаратында орын алған жағдай бойынша  «Жаңақорған  ауданының ішкі саясат бөлімі» КММ-нің басшысы

«Енді қоғам белсенділері әдейі ұйымдастырған, Сандуғаш Тұрлыбекқызы, Қарасай Әшірбеков пен Айгерім Әбілтаевадан құралған белгілі бір топтың халықты алдап, жер мәселесі бойынша аудан әкімі қабылдау жасайды деп шақырған.  Әкімге қарсы қасақана ұйымдастырылған дүние. Ол жерге жиналғандардың жартысы түс көргендей болып қалды. Халық қарсылық пікір танытып отырған жоқ.  Облыс әкімі аудан әкімін заң шеңберінде шешім қабылдап, тағайындаған», - деді Сыздықов Әбілхаир Әбілпаттаұлы.

«Мен ешкімді алдап апарғаным жоқ. Мен аудан барысында орын алып отырған жағдай бойынша бардым. Аудан белсенділері әкімдікке бір күн бұрын ескерткенбіз, әкімдік  тарапынан сағат 3-ке өздері уақытын белгілеп берген болатын. Біз аудан әкімдігіне жергілікті мәселе бойынша бардық. Сонымен қатар, жаңа тағайындалған әкімді халыққа айтпай үн-түнсіз сайлағаны үшін наразы болып бардым. Алайда, менің жеке парақшама жарияланған кешегі күннің барысын арнайы мамандар бұзып кіріп, өшіріп тастап отыр»,- деді Сандуғаш Тұрлыбекқызы.

https://www.facebook.com/100072576003192/videos/3089928234591071/?sfnsn=mo


Сонымен, кешегі Жаңақорған әкімдігінде кездесу барысында түсірілген халық наразылығы мен пікір талас тудырған бейне жазбалардың бірі



Расында, бейнежазбада Жаңақорған аудан әкімі өзінің бұл лауазымға келгеніне әлі бір тәулік болмағандығын жеткізіп әлек.  Сонымен қатар, әкім бұл тағайындаудың заң шеңберінде орын алғандығын және де жергілікті халықтың сайлаған депутаттарының шешімі екендігін атап өтті. 
Аудан тұрғындары аяқ асты сайланған жаңа әкімнің тағайындалғандығына емес, оның облыс әкімдігінің халықпен санаспай сайлағандығына наразы екендігін жеткізді. 

АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ