Шымкент тұрғыны алаяқтарға 50 млн теңгесін беріп қойды

292
Шымкент тұрғыны алаяқтарға 50 млн теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қосшы қаласының полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны өтінішпен жүгінді.

Азаматша 2021 жылдың қазан айында екі ер адам оған тиесілі 50 млн теңге мөлшеріндегі ақшаны Қосшы қаласында учаскесі бар жеке үй сатылады деген сылтауымен алдап иемденгенін айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан облысының 38 және 39 жастағы тұрғындарын анықтады. Олар осыған ұқсас қылмысты жасағандары үшін қамауға алынды.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып жүргізілуде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.