Елімізде интернеттің бағасы қымбаттамақ

363

Интернет бағасының  қымбаттауы интернет ұсынушы компанияларға талаптың күшейтілуімен тікелей байланысты болып отыр. 

Интернетпен қамтамасыз еткен компаниялар ұсынған желінің жылдамдығы кем дегенде 70% болуы керек. Сондықтан, елдегі байланыс сапасы жақсаратын болса, операторлар сол кезде интернетті қымбаттататын болады.

"Мұндай өнімділікті арттыру үшін желінің кейбір элементтерін үш есеге көбейту керек және бұл әр ұялы байланыс операторына жүздеген миллиард теңге шығын алып келеді", - дейді Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Эвгени Настрадин. 

"Күрделі шығындар, өз кезегінде, соңғы тұтынушы үшін ұялы байланыс операторлары қызметтерінің қымбаттауына әкелуі мүмкін. Өзгерістердің бастамашысы - цифрлық даму министрлігі. Мемлекеттік орган мен бизнестің талаптары кеңейтілген алқа мәжілісінде талқыланды. Министрлік операторлар бағаны көтермесе ғана, жеңілдіктер жасауға дайын екендіктерін айтты", - дейді "Қазақтелеком" АҚ қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Сара Бакирова. 

Операторлар бүкіл ел бойынша мобильді интернеттің шекті жылдамдығына төтеп беру мүмкін емес деп сендіреді. Бұған базалық станцияны электрмен жабдықтаудағы үзілістер, абоненттердің қаладағы тұрақты қозғалысы және тіпті ауа райы әсер етеді.