Қостанайда мамонттың сүйегі табылды

255
Қостанай маңындағы демалыс орнының басшысы мамонт сүйегін тауып алды, - деп хабарлайды Opennews.kzақпарат агенттігі  Наша газета басылымына сілтеме жасап. 

Юрий Пирогов "Каньон" демалыс орнын жақында ғана сатып алған. Мұнда бұрын шағын көл болған. Алайда ол тартылып қалғандықтан, Юрий көлді қалпына келтірмек болыпты. Экскаватор бұрынғы көлдің орнын қазып бастағанда мамонт жауырының бір бөлігін алып шыққан. 


Сүйекті Юрий Пирогов мұражайға табыстады. Мұражай қызметкері Андрей Андрющенконың сөзінше, сүйек бұл жерге өзен суымен ағып келуі мүмкін. Ал қалған бөліктері жақын маңда болуы ықтимал екенін жоққа шығармайды. Енді мамандар мамонттың бас сүйегін табуды да жоспарлап отыр. 


Мамонт сүйегі Қостанайға жақын маңнан алғаш рет табылды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.