ҚЫЗЫЛОРДА ЖАСТАРЫ ШЕТЕЛГЕ ЕЛІКТЕП ЖҮР МЕ ?

1 792
Қызылорда қаласында шет елдік стильге құмартқан жастар қозғалысы  бой көтере бастады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ресми статистика жаға ұстатарлық. Қазақ статистикалық агенттігінің дерегіне жүгінсек 29 жасқа дейінгі қазақ жастарының 32 пайызы,  яғни әрбір үшінші қазақ елінің үміті шетелге кетуге құмар. Бұған не себеп? Жастарымыздың елден қашуына не түрткі болды? Бүгінгі қоғамда және алдағы келешекте жас буынды қандай мәселелер толғандырады? Неліктен олар елімізде өз орындарын таба алмай отыр? Әлде барған жерде бақыр бар деп шетелге барғанда мол мүмкіндік күте ме?


Әрине кез-келген адам өзінің жақсы жақта өмір сүргенін қалайтыны анық.


 Еліміздегі әлеуметтанушы мамандар қазақ жастарының негізінен Канада мен АҚШ-та, одан қалды Германия мен Түркияға көшуге ықтияр екенін растады. Одан бөлек бүгінгі таңда Жапон мен Корей елінің стиліне құмар жастар тіптен жетіп артылады.


Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Олай деуге басты себеп, қала жастары әлеуметтік желіде "BULT"  атты қоғамдық бірлестік пе, әлде ұйым ба белгісіз жобада белсенділігі артуда. 


Ойланып көрейікші, біздің қазіргі уақытта жастарымызды не қызықтырады?  Елімізді өркендету үшін білімді жастар керек десек, жан-жақты білім мен ғылым алуы үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілуде. Ал, ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың басқа бағытқа бет-бұруына не себеп?


Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білеміз. Ал осы дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүрген жасөспірімдердің саны да едәуір өсуде. 
Әлеуметтік желіні жайлаған бейтаныс құбылыстар бүгінгі жастар үшін қандай өнеге? Тіпті өздерін бөлек әлем санайтын жат түсініктегі жастардың да қатары азаяр емес. Тіпті, өздеріне тән сырт киімдердің де дизайны шығарылып, сатылымға түскен.  Оған дәлел 
36.63_


Неге денсаулығымызды, жанымызды таза ұстап, талғамымыздың биіктігін білдіріп, салауатты өмір сүрмеске? Бұған не кедергі? Тіпті жергілікті жастардың да осы сынды олқылық әрекеттерді дұрыс деп тапқандығы ма, белгісіз. Тіпті, өзіміздің қала жастары да дәл осы бағыттағы әлеуметтік желіні жүргізуде. Атап айтқанда, Instagram  желісінде Bult.hub атты парақшасы  жүріп жатырғандығынан жергілікті биліктің хабары бар ма?  Ал бұл паракша жастарының алматы қаласындағы өзге көзқарас ұстанған жастар жиналатын «Бұлт» технопаркімен байланысы бар ма? 
«Бұлт» дегенімізде алғаш ойға  көгілдір аспан еске түседі. Ал көгілдер аспанға тамсанып жүргендер «көгілдір» жастар болып шықпасына кім кепіл?!
 

Жалпы қоғамдағы ер азаматтардың қызтеке сынды қылықтар шығарып бұзылып бара жатқанын беделді басылым "Алаш айнасы" да жазған болатын.  Онда: «Қалың қазақ тұратын Қызылорда мен Атырау да солардың санатына жатқызылатыны бізге өте қынжылыс алып келіп тұр. Сонда ұлымыздан ұят, қызымыздан қылық кетіп бара жатқан заманға тап келдік пе екен? Жергілікті тұрғындардың 96-97 пайызын қазақ құрайтын Қызылордада 300-ге жуық сондай жат қылықты жандар тұратын көрінеді. Әрине, олар бұл қалада ашықтан-ашық жүре алмайды. Оларға арналған гей-клубтар да мұндай жоқ. Бірақ жасырын болса да, жаратылыс заңына қарсы келіп, бір-бірімен құшақтасып мауқын басатын адамдар бар. Егер жағдай осылай кете берсе, ендігі 10-15 жылда қандай жағдайды бастан кешіретінімізді ойлаудың өзі қорқынышты. Қазіргі таңда мұндай жағдай Ислам діні өркен жайған Пәкістан секілді елдерде де өте қиын мәселеге айналғанын ескерсек, бұл нәрседен қауіп алуымыз тиіс екені көзге көрініп тұр. Тіпті олардың өкілдері билік басына келіп, ашықтан-ашық өзінің қызтеке немесе еркекшора екенін мойындап, өздерінің мүддесін қорғап жатса қайтпекпіз? Мәселен, Англия, Франция, Люксембург секілді мемлекеттерде ол қалыпты жағдайға айналып кеткен. Осы жағын ойланып көрелік. Әзірге кеш емес...» делінген.


Шындығында да, қала жастарының арасында өздерінің бөлек әлеміне өзгелерді ендіруде белсенділік танытып, әлемді жаулаған әлеуметтік желі арқылы түрлі іс-әрекеттерге барғандары да қаншама.  Еліміздің ертеңі үшін саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу ата-ананың ғана емес, еліміздің міндеті. Тура жолды көрсетіп, бағыт-бағдар берететін қазыналы қарттарымыз бұл жөнінде:

«Біздің дәуірімізде мұндай нәрсе болмаған. Бәленшенің баласы қызтеке екен деген қауесет шықса отбасымен ұяттан өлердей болып, ауыл аударып көшіп кететін. Ол деген шариғатқа да қайшы. Ал, қазіргі жастардың ұлы қайсы қызы қайсы айыра алмайсың. Ұрпағымызды мәңгүрттіктен сақтасын.»- дейді қарт ана Қалтай Шорабекқызы.


Расында қоғам арасында түрлі жастардың електеуіш екендігін аңғарамыз. Ал, бір жыныстылықты тән талғамы деп түсінетін жандардың бірі:


«Негізі енді көгілдір боламын деп ешкім ойламайды. Ол жан мен тәннің қалауы. Әрбір адамның өз еркі ғой. Оған заңмен де шектеу қоймаған. Заң бұзушылық емес, ол талғам ғой» - дейді Әділ Шыңғыс.


 Ел боламын десең, бесігіңді түзе, дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылуға сіз бен біз атсалысайық, ағайын.


АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ