Қызылорда облысында түнгі тексеру: балалар орталыққа жіберілді

2 295

Фото: Қызылорда облыстық полиция департаментіҚызылорда облысында 27-29 шілде аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы хабарлағандай, осы 3 күнде 493 әртүрлі әкімшілік хаттама рәсімделсе, кәмелетке толмаған 22 қызылордалық ішкі істер органдарының есебіне алынды. Қадағалаусыз және панасыз қалған 11 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды. 

— Бала тәрбиесіндегі міндетін орындамаған 34 ата-анаға хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берудің 11, ортақ пайдалану орындарын ластаудың 9, бұзақылық жасаудың 2 дерегі анықталып, жасөспірімдердің заңды өкілдеріне хаттама толтырылды. Ал қоғамдық орындарда масаң күйде болған 18 жасқа толмаған екеудің заңды өкілдеріне айыппұл салынды, — деді басқарма бастығы Ердәулет Жаукеев.

Сондай-ақ 435 жасөспірімнің заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз қоғамдық орындарда беймезгіл жүргені анықталды. 

Жақында Ішкі істер министрлігі соңғы бес жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны азайғанын мәлімдеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.