Атың шықпаса, баға өсір: Қазақстан тауарлардың қымбаттау көрсеткіші жөнінен ЕАЭО-да көш бастады

236

Фото: pixabay.comМамыр айында Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) бағаның өсу көрсеткіші бойынша көш бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда тұтыну бағаларының индексі Қазақстанда – 101,4%, Беларусьте – 100,7%, Қырғызстанда – 100,3%, Армения мен Ресейде 100,1% болды, - деп жазылған хабарламада.


Бюро дерегінше, биыл мамырда ЕАЭО-ға мүше елдерде жылдық инфляция Ресейде – 17,1%, Беларусьте – 17%, Қазақстанда және Қырғызстанда – 14%, Арменияда – 9% деңгейінде.

Тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар бір жылда Ресейде – 22%-ға, алкоголь мен темекі Беларусьте – 17%-ға, ал тұрғын үй шаруашылығы тарифтері 14%-ға қымбаттаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.