Елордалық азаматтың қылмысы әшкереленді.

424
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мерекеге орай таныс әйелінің үйіне құттықтауға барып тұрып, бағалы сағатына ұрлыққа түсті. Полицейлер жедел іздестіру шарасын жүргізу барысында  қымбат смарт-сағатты ұрлады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын қолға түсті. 
Ол танысының үйіне қонаққа барғаннан кейін, әйелдің үйіндегі сағат жоғалады. Күдікті ретінде ұсталған азамат кетерінде үстел үстінде тұрған Apple Watch сағатын алып кетеді. Содан кейін ол сағатты ломбардқа өткізгені анықталды. Қолды болған затты полицейлер тәркілеп, иесіне қайтарып берді.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалу үстінде. Күдікті өзінің заңсыз әрекетке барғандығын мойындап отыр. Тәртіп сақшылары оның өзге де қылмысқа қатыстылығын тексеріп зерттеуде.