Шымкентте ағасына пошта арқылы есірткі жолдаған азамат ұсталды

284

Шымкентте есірткіні тергеудегі ағасына пошта арқылы жолдаған азамат 5 жылға сотталды деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.



Шымкент қаласы Абай аудандық соты есірткі тасымалдаған азаматқа қатысты үкім шығарды. 30 жастағы ер адам есірткі затын өткізумен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды.


Еске салсақ, Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен В. есімді азамат 2020 жылы желтоқсан айында жалпы салмағы 79,1 грамм кептірілген марихуананы тасымалдау мақсатында заңсыз сақтаған. Түзеу мекемесінде жазасын өтеп отырған ағасына жеткізу үшін екі пластмасса майонез шелектерінің түбін жасыра жабдықтап, есірткі затын сонда жасырған. Содан кейін ол кептірілген марихуана жасырынған пластмасса шелектерді Шымкент қаласындағы пошта бөлімшелерінің біріне әкеліп, хат-хабар түрінде рәсімдеп, тапсырысты екі рет пошта арқылы Тараз қаласындағы ағасы отырған түзеу мекемесіне жолдаған. Дегенмен бұл есірткі заты дер кезінде түзеу мекемесінің қызметкерлерімен анықталып, тәркіленді.
Шымкент қаласы Абай аудандық соты жергілікті тұрғынды ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігінде (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы үкім шығарды.


Сот процесі барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өзінің әрекетіне шынайы өкінетінін жеткізді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.