Қызылордада мектеп оқушыларына тиесілі қаржы бәріне бірдей беріле ме?
Облысымызда жалпыға бірдей міндетті орта білім беру бағдарламасы аясында материалдық көмек көрсету шаралары басталуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігi.
Оқу жылының басталуына небәрі жарты ай қалғанда көпбалалы аналар балаларын мектепке қалай дайындаймын деп мазасы кетіп жүр. Ал, оқушылардың керек-жарағын жинап беру оңай емес. Себебі былтырғы жылмен салыстырғанда киім де, аяқ киім де бірнеше есе қымбаттап кеткен. Өңірде кем дегенде бір баланы мектепке даярлау үшін 100 000 теңге кетті деген жандар да аз емес. Мемлекет тарапынан берілетін тиесілі көмек қызу талқыға түскенімен жүзеге асып жатқаны шамалы.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасылардың балаларына өлшемі үлкен арнайы мектеп формасы мен аяқ киімдермен қамтамасыз еткен жергілікті биліктің шикілігін халық әлі ұмыта қоймаған болар. Алайда, облысымызда берілген киім-кешектердің өлшемі келмей әбігерге түскен ата-аналар наразылығы да билік құлағына жеткізілген болатын.
Бүгінде еліміздің бас қалаларында орта білім алушы балаларға көрсетілетін көмек мөлшері – 40 мың теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарының оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен толықтай қамтамасыздандырылмақ. Ал, өңірде бала басына - 37 389 мың теңге беріледі, ал бір мезгіл ыстық тамақты атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасының балалары мен мұқтаж отбасының балаларына қарастырылған. Жалпыға міндетті оқу аясындағы көмек мына санаттағы оқушыларға көрсетіледі:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
- жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз, сол сияқты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
- жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тұратын балаларға;
- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
- білім беру ұйымының алқалы органы белгілейтін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жатады.
Мектеп оқушыларына берілетін қаражатты игерген ата-ана балаларына алған оқу құралдарының есебін беруге міндеттелетіндігі тағы бар. Ол дегеніміз, арнайы алынған оқу құралдары мен мектеп формасының фотосы мен түбіртектерін сақтап өткізуі тиіс.
Балаларға аталмыш көмекті алу үшін өтінішті мектепке өткізу керек. Ал, облысымызда бала санын анықтау үшін әлі күнге дейін құжаттар жинастырылуда. Бұл туралы Қалалық білім беру басқармасы мамандары:
Ал, аналарымыз жағымды жаңалықтың жүзеге асырылуын асыға күтуде. Енді бірі тіпті, берілетін көмекті «көкелеріміз» жоқ қылама деген қорқыныштың бар екендігін де жеткізуде.
Сонымен қатар, облыс оқушыларына «Мектепке жол» акциясы аясында да көмек беріледі. Ол демеушілердің көмегімен жүзеге асырылуда.
«Өзгерістер енбейді. Барлығы қаулыға сәйкес жүзеге асады деп сенім білдірді.»