Бір аяғынан айырылған: Ақмола облысында әйелге шабуылдаған алабай иттің иесі 5,5 миллион теңге төлемек

258

Ақмола облысының Атбасар қаласында таңертең жұмысқа бара жатқан әйелге көршісінің иті бас салып, алған жарақатынан әйелдің сол аяғын ампутациялауға тура келген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Фото: pixabay.comАтбасар аудандық соты ит иелерін жәбірленушінің денсаулығына келтірілген шығынды, сондай-ақ бес миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуге міндеттеді. Атбасар ауданының полиция бөлімі ит иесіне қатысты айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. 


"Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының шешімімен зардап шегушінің жауапкерлер тарапынан денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және моральдық залалды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот сотталушылардан жәбірленушінің пайдасына 357 914 теңге материалдық шығынды, 85 131 теңге жоғалған кірісті, 5 миллион теңге моральдық залалды өтеуді және оны өтеуге кеткен шығыстарды бірлесіп өндірді", – деп қорытындылады департамент.


Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.