Құмар ойынды қолдан ұйымдастырған Нұр-Сұлтандық тұрғынға іс қозғалуда

266


Фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚМА департаменті заңсыз «Покер» ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ҚМА-ға сілтеме жасап.


Елорда тұрғыны заңсыз материалдық пайда табу мақсатында тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен заңсыз ойын мекемесін ашып, қолма-қол ақшаға фишкаларды сату және алу арқылы құмар ойынын өткізген.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл азамат 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
2022 жылдың 7 айында ҚМА 82 ойын мекемесінің, оның ішінде 4 астыртын казиноның қызметін тоқтатты. Ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, рулетка үстелдері, компьютерлер, ұялы телефондар сияқты 3 мыңға жуық зат, сондай-ақ 5 млн теңгеден астам сомаға қаражат түріндегі айғақтар тәркіленді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.