“Мұғалімдерім алдады”: Ұстаздары несие алдыртқан Шымкенттік студент жанайқайымен бөлісті

401

Фото:  “Адырна” ұлттық порталыШымкент облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылының тұрғыны ұстаздары мен сыныптасына алданып қалғанын айтып, “Адырна” ұлттық порталына хат жазды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі


Айтуынша, ұстаздары мен сыныптасы жұмысқа тұрғызамын деп, несие алғызып, алдап кеткен. 


“Осыдан біраз уакыт бурын сыныптасым Бектемір Сара, және мектепте сабақ берген ұстаздарым Абрахманова Элмира, Тасболатова Акерке есімді адамдар жеке компанияға жұмысқа кіргізу үшін 1,300 000тг көлемінде ақша сұрады. Ондай ақша менде жоқ болған соң, несие алуымды айтты. Тіпті, оны да өздері алып берді.
Бірақ ол компанияда ешқандай табыс жоқ екенін кейіннен түсініп, олардың үстіненТемірлан ауданындағы РОВД-ғаШымкент калалык РОВД-ға арыз жаздым. Бірақ жазған арыздарым дұрыс каралмай, жауып тастады.
Маған несие алғызған мұғалімдер бірінші айын төлеп, қалған айын төлемей қойды. Әу-баста барлығын төлеп береміз деп келіскен еді. Екінші рет төлейтін кезде қашып жүр.
Өзім студентпін, ақылы бөлімде оқимын. Отбасы жағдайымыз да мәз емес. Айтайын дегенім, осындай ак көңіл халықтын акшасын алаяқтықпен алдап алып журген адамдар каншама?! Мысалы, сол мұғалім деп айтуға ауызым бармайтын алаяқ кісілер мектепте балаларға сабак беріп жүр. Ондай алаяқтардан кішкентай балалар не тәрбие алады?
Мен ары қарай не істерімді білмей, көмек сұрап сіздерге жазып отырмын”
,- деп жанайқайымен бөлісті оқырман.