Қызылордада жол-көлік оқиғасында көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

514

Фото: ТЖД ҚызылордаҚызылордада құтқарушылар жол-көлік оқиғасынан көлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні аман алып шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Оқиға бүгін, 19 қыркүйекте сағат 7.22 шамасында болған. Сол уақытта 112 құтқару қызметіне шақырту келіп түсті. Онда Қызылорда қаласындағы Е. Көшербаев пен Жалаңтөс баһадүр көшелерінің қиылысында «Toyota» және «Opel» маркалы автокөліктері соқтығысуы салдарынан көлік ішінде адамның қыстырылып қалғаны айтылған. 


«Шақырту бойынша жедел құтқару жасағының мамандары жағдайды анықтағанда «Opel» маркалы автокөліктің 1980 жылғы жүргізуішісінің қыстырылып қалғаны белгілі болды. Мамандар гидравликалық құралдарды пайдаланып, азаматты автокөліктен шығарды. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.


Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жанармай құйылған цистерна өртенді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.