Педофил шалбарын шешіп, кішкентай қыздарға тиіскен

366
Шымкентте тұрғын үй маңайында педофил 7-8 жастағы қыздарға тиіскен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Шымкентте тұрғындар мектеп жасындағы қыздары үшін алаңдаулы. Әлеуметтік желілерде 1 мамыр көшесінде болған оқиға туралы тұрғындар бір-біріне ескерту хабарламасын жіберіп жатыр.

«Балаларыңызды кешке қарай көшеге шығармаңыздар! 1 мамыр көшесіндегі №16 үйдің маңайында педофил 7-8 жастағы қыздарға тиіскен. Қаскөй қыздарға монеталар ұсынып, өзінің шалбарын шешкен. Оларды гаражға шақырған... Балаларыңызға тәттілер мен ойыншық ұсынса да, бөгде адамдарға жақындап, сөйлесуге болмайтынын айтып түсіндіріңіздер», – делінген жазбада.

Автордың мәліметінше, педофил деп отырған ер адамның жас шамасы 35-40 аралығында. Үстіне ақ жолақтары бар қою көк түсті спорттық киім киген.


Тұрғындардың айтуынша, бұл аулада бейнебақылау камералары орнатылған. Бірақ олар оқиға болған жерге емес, басқа бағытқа қаратып қойылған көрінеді. Арыз жазған тұрғынға полицейлер солай деп түсіндіріпті.
Қазіргі уақытта полицейлер ер адамды іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.


«Оқиғаға қатысы бар адамды анықтауға және ұстауға бағытталған барлық қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз», - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметіндегілер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.