«ҚазТемірТранс» АҚ филиалының директоры пара алғаны үшін қамалды

179
«ҚазТемірТранс» АҚ Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 сотымен «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б. Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС-нің директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімі шығарылды. Олар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды деп айыпталды.

Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал Таировқа пара беру фактісі бойынша параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Бұл 24 млн теңгені құрайды.


Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.