Оқушылар бір-бірін есінен танғанша тұншықтырған
199
Бүгінде оқушылар арасында есінен таңғанша тұншықтыратын ойын түрі пайда болған. Алматы облысында осы ойынның салдарынан жасөспірім төрт тісінен қағылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Анасының айтуынша, бұл оқиға Қонаев қаласындағы мектепте болған. Мектепте баласы құрдастарымен бірге бірін-бірі тұншықтырып ойнаған. Ойынның кесірінен есін жоғалтқан ұлы табалдырыққа құлап, 4 тісі түсіп қалған.
Ойынның ережесі бойынша бір адам екіншісін қабырғаға тіреп, кеудесінен басып, мойнындағы тамырын қысады. Нәтижесінде ол есеңгіреп, талып түседі. Әдетте, 10-15 секундтан кейін қайта есін жияды. Жастар арасында қазір осы ойынды қызық көргендердің қарасы көп екен.
Психолог мамандар мұндай ойындарды қолдамайды. Адамның психологиясына кері әсер етеді деді.
Қоғам қайраткерлері де балалар арасында қатігез ойындардың белең алып бара жатқанына алаңдаулы. «Қой» дегенге көнбейтін балаларға заңды түрде шара қолдану керектігін айтады. 50 жыл ұстаз болған Аягүл Миразова тәрбиенің мектепте де, үйде де ақсап тұрғанын жеткізді.
Қатігез ойындардың құрбаны туралы нақты деректер жоқ. Ондай статистика бізде жүргізбейді екен.

«Балам сабақтан кейін еденге сүрініп, құлап қалғанын айтты. Төрт тісі сынған. Ұлым маған шындықты айтпады. Кейін мен істің мән-жайын анықтадым. Бұған дейін мұндай ойын бар екенін білмеппін», – деді оқушының анасы.
Ойынның ережесі бойынша бір адам екіншісін қабырғаға тіреп, кеудесінен басып, мойнындағы тамырын қысады. Нәтижесінде ол есеңгіреп, талып түседі. Әдетте, 10-15 секундтан кейін қайта есін жияды. Жастар арасында қазір осы ойынды қызық көргендердің қарасы көп екен.
«Маған да істеген. Мен бірақ бір-екі шапалақтан кейін есімді жидым. Бірақ балалар бар құлап қалған. Тіпті, «103»-ке хабарласқан кезіміз болды. Эйфория болады, көзің қарауытады да құлайсың жерге. Оянбай қалатындары да бар», – деді Алматы қаласының тұрғыны Нұрасыл Ермаханов.
Психолог мамандар мұндай ойындарды қолдамайды. Адамның психологиясына кері әсер етеді деді.
«Есеңгіреген кезде бала эйфорияға түсіп, сол сәті оларға қызық болып көрінеді. Ол бір-екі рет қайталап көргеннен кейін, әсіресе, мұндайға еліктеуші балалар, ол сыныпта лидер, гиперактивный оқушылар түседі. Ал оны кімге жасайды? Көбіне үндемей отыратын, психологиялық қысым көрсетуді өзіне мұрсат беретін оқушылар көбіне осындайға ілігіп жатады», – деді психолог Маржан Еліқұлова.
Қоғам қайраткерлері де балалар арасында қатігез ойындардың белең алып бара жатқанына алаңдаулы. «Қой» дегенге көнбейтін балаларға заңды түрде шара қолдану керектігін айтады. 50 жыл ұстаз болған Аягүл Миразова тәрбиенің мектепте де, үйде де ақсап тұрғанын жеткізді.
«Қазір балалардың арасында өзі естімеген ойындардың да түрі қатігездіктің шарықтаған шегіне жетіп отыр десек, мен ойлаймын, артық айтпаймыз. Қазіргі таңда шын мәнісінде ата-аналарға, да ұстаздарға да оңай болып отырған жоқ. Жалғыз ойынмен ғана күреспеуіміз керек, жалпы тәрбиемен күресуіміз керек. Заң қарастыру керек», – деді қоғам қайраткері Аягүл Миразова.
Қатігез ойындардың құрбаны туралы нақты деректер жоқ. Ондай статистика бізде жүргізбейді екен.