Қазақстанда көліктің алдыңғы әйнегін қараңғылауға рұқсат беріле ме?

433

Елімізде көліктің алдыңғы әйнегін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін бе деген сұраққа ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев жауап берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.





"Көліктің алдыңғы әйнегін қараңғылауға тыйым салу ғылыми тұрғыда негізделген бе және бұл тыйымды жақын арада қайта қарау жоспары бар ма?" деген сауалға жауап берген ІІМ өкілі бұл шара жолдағы жүргізушілерді тәртіпке шақыратынын атап өтті.

Ішкі істер министрлігі ғылыми негіздеме жүргізбейді, бірақ тонировкаға әлі де тыйым бар. Бұл норма нақты қай жылы енгізілгенін білмеймін, бірақ ол кезде көптеген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны ескерілді: қауіпсіздік белбеуін тақпауы, ұялы телефон пайдалану, алдыңғы жолаушы орындығына бала отырғызу, яғни жүргізушілер баласын жол қозғалысы ережесін бұза отырып, алып жүрген. Менің ойымша, басқа да себептер болды, - деді Жандос Мұраталиев


Бұл ретте ол автокөлік жүргізушілері көліктің артқы жағындағы терезелерді қараңғылай алатынын атап өтті.

Алдыңғы терезені және алдыңғы жақтағы екі терезені қараңғылауға тыйым салынады. Көліктің артқы терезесін және артқы жағындағы екі терезесін қараңғылауға рұқсат етіледі,- деп мәлімдеді төраға орынбасары.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.