Түркістанда кір жуғыш ұнтақ жасайтын астыртын цех анықталды

149
Түркістанда кір жуғыш ұнтақ жасайтын астыртын цех анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша Түркістан ҚПБ-ға тіркеуге алынды.

Цехтан 40 келі қаптарға оралған ұнтақ заттар табылған. Олардың қаптамасы ретінде «Ariel», «Миф», «Tide» және «Persil» сияқты кір жуғыш үнтақтарының затбелгісі пайдаланылған. Нәтижесінде төрт ер азамат ұсталды: үшеуі Түркістан қаласының тұрғыны және бір Өзбекстан азаматы.

Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.