29 қарашада теледидар мен радио жұмыс істемейді

1 397

Фото: pixabay.com29 қарашада елімізде теледидар мен радио жұмыс істемейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биыл 29 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!, – деп жазылған «Қазтелерадио»АҚ хабарламадасында.

Мұндай жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі. Ол телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету үшін керек.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.