Түркияда «Қазығұрт оқиғалары» таныстырылды

395
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Анадолы төрінде халықаралық «Алаш» және Махмұт Қашқари әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Нұрғали Ораздың түрік тіліне аударылған «Қазығұрт оқиғалары» кітабының тұсаукесері өтті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты шара Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен ХVI-халықаралық Анкара кітап көрмесі аясында жүзеге асты.

Жинақтың алғысөзін білім ордасының басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев жазып, ҚазҰУ түлегі әрі қызметкері Нұрғали Ораздың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен қаламгерлік қуатына тоқталған. М.Әуезов, З.Қабдолов, М.Қаратаев сияқты әдебиет алыптары қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағында оқып, қызмет етіп, өзіндік мектеп қалыптастырғанын баяндай келе, осы мектептен тәлім алған жазушының шығармашылық жолын сараптайды.

Сондай-ақ қарымды қаламгердің сүбелі туындары ел егемендігін алғаннан кейін дүниеге келіп, қандай қиын-қыстау заман болмасын өз шығармашылығына адалдық танытқанын жеткізеді.

Жазушының қайталанбас қолтаңбасына, кейіпкерлерінің сан алуандығына, ойының тереңдігіне, кемелдігіне маңыз береді. Түрік тіліне тәржімаланған «Қазығұрт оқиғалары» әңгімелер жинағының туыс халықтарды әдебиет арқылы жақындастыра түсеріне үміт артады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.