Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

282

Фото: pixabay.comҚазақстан үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне толықтырулар енгізілді.

Осылайша, тізбе мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылды: 

"7 маусым - монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні". 

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалатынын хабарлаған едік. 
1 мамырда тұрғындар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Мерекеге орай демалыс 3 күнге созылады: 1 мамыр (сенбі), 2 мамыр (жексенбі) және 3 мамыр (дүйсенбі).
 
Ескерту: Мемлекеттік мереке демалыс күндеріне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, демалыс бір күнге ұзартылады. 

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні дәстүрлі түрде бір күн ғана атап өтіледі. Бұған қоса, қазақстандықтар 8 мамыр, сенбіде демалады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.