Шымкентте Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне маска тағып қойған

420

Фото: видеодан скриншотҚазақтың мемлекеттік қайраткері әрі саясаткер Тұрар Рысқұловтың Шымкенттегі Жібек жолы көшесінде орналасқан ескерткішіне маска тағып қойған.

Ескерткішке нақты кімнің маска тағып қойғаны белгісіз. Мұны істеуге қанша уақыт кеткені де беймәлім. 
Өйткені тұғырын есептемегенде Тұрар Рысқұловтың ескерткішінің биіктігі 4,5 метр. Ол Шымкенттегі ең биік ескерткіштердің бірі саналады.

Басылымның жазуынша, ескерткішті коронавирустан қорғағысы келгендердің біраз тер төгуіне тура келген. 
Ескерткіш 2009 жылы қойылған. Жоба авторлары әрі орындаушылары - Насыр Рүстемов пен Дәурен Әлдеков. Алып ескерткіш кәсіпкерлердің есебінен орнатылып, оған 15 млн теңге жұмсалған. 

Еске салсақ, 5 сәуір күні Шымкент қаласы полиция департаментінің алдына бірнеше журналист жиналып, құқық қорғаушылардан БАҚ қызметкерлерінің құқығын сақтауды талап еткен. Жиналғандарға полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов шыққан еді. 

"Астана" телеарнасының Шымкенттегі меншікті тілшісінің сөзінше, тәртіп сақшылары түсірілімдердің бірінде жұмысына кедергі келтірген. Осылайша, БАҚ өкілдері журналистердің құқығын қорғауға назар аударуды талап еткен болатын.

Бұл талап Шымкенттің бас полицейі Ералы Жұмаханбетовтың назарынан тыс қалмады. Генерал БАҚ өкілдерінің алдына шығып, әрбір өтініштің қаралатынын айтты. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.