14 жасар қазақстандық теннисші Барселонадағы жарыстың жеңіс тұғырына шықты

488
Отандасымыз Томирис Нұржан Барселонада өткен Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 14 жасар қазақстандық теннисші финалда жергілікті ойыншыны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Чемпионға сыйлықты Каталония мэрі тапсырып, оның жеңіске деген жігерін атап өтіп, жас қазақстандықты қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Осы жеңісінің арқасында Томирис сегіз үздік теннисшімен бірге сәуір айында Барселонада өтетін жарыста өнер көрсетеді. Бұл дода ATP 500 турнирімен қатар өтеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.