Теннисші Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің чемпионы атанды

2 525

Фото: ҚТФҚазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген 23 жастағы қазақстандық теннисші финалда өзінен үш жас кіші, дүниежүзілік рейтингіде 293-орында тұрған даниялық Элмар Мюллермен чемпиондық атақты сарапқа салды.


Бірінші партияда даниялық спортшы 6:3 есебімен басым түсті.


Екіншісінде Скатов 5:2 есебімен алға кетті. Мюллер таразы басын теңестіргенімен, Тимофей есесін жібермеді - 7:5.


Үшінші, шешуші сетте Скатов 5:2 есебімен алға шығып, матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен кездесуді тағы бір брейкпен тәмамдады - 6:3.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.