16 жастағы қазақ қызы әлемді дүр сілкіндірді
Балуан Айша Әбдімәлік Бакуде өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айша Әбдімәлік финалда 2025 және 2026 жылдардағы U17 Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатармен белдескен.
Алайда Айша қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберген.
Қазақ балуаны финалға дейін Венгрия өкілі Соня Верешті 8:3, америкалық Ив Скрокиді 7:6, Молдова балуаны Маргарита Лиситаны 13:12 және грекиялық Василики Каравануды 8:1 есебімен жеңген.
Осылайша, Айша Әбдімәлік Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды.







