Сыр елінде Ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты өтуде

1 939
Қызылордадағы «Евразия» спорт кешенінде Ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында жеке командалық және жекелей жаттығулар бойынша ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Жарысты Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов ашып, чемпионаттың жылда Сыр өңірінде өтуі өңір үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов өз ретінде ауыр атлетиканың еліміздегі рөлін айтып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Қызылорда облысын «Ауыр атлетиканың астанасына» теңеп, елімізде спорттың осы түрі дамуы үшін барынша атсалысатынын айтты.

Айта кетейік, жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 13 облысынан 16 команда, 190 спортшы жүлделерді сарапқа салуда.

Чемпионат 16 наурызға дейін жалғасады. Сыр спортшыларына сәттілік тілей отырып, баршаңызды жанкүйер болуға шақырамыз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.