Әділбек Ниязымбетов Ақтауда спорт мектебін басқарады

461
2012 және 2016 жылдағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері , әлемнің вице-чемпионы Әділбек Ниязымбетов Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.
Әділбек Ниязымбетов 1989 жылы 19 мамырда дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 
Еңбек жолын 2014 жылы «Маңғыстау бокс клубында» нұсқаушы болып бастаған. 2019 жылдан бері Нұр-Сұлтандағы Олимпиада орталығында қызмет еткен.
2020 жылдан бері Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жоғары спорт жетістіктері мектебі директорының орынбасары болды.