"Барыс" хоккей клубы қатарынан төртінші рет жеңіске жетті

2 510

Фото: hcbarys.kzҚұрлықтық хоккей лигасы аясында өткен кезекті матчта қазақстандық "Барыс" сырт алаңда ресейлік "Локомотив" (Ярославль) командасынан басым түсті, - деп  хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Ресейдегі кездесудің негізгі кезеңі 4:4 есебімен аяқталды. "Барыс" сапынан Энтони Камара дубль жасады (20-минутта және 56-минутта). Сонымен қатар Давид Скленичка (25-минутта) мен Джозеф Лабейт (37-минутта) шайба салды. Ал қарсылас командада Александр Полунин 7, Александр Елесин 9-минутта, Александр Волков 50-минутта және Рушан Рафиков 58-минутта мергендік танытты. Есеп теңескен соң, ойын овертаймға ұласты. Бірақ овертаймда жеңімпаз анықталмады. 

Десе де буллитте қазақстандық клуб алға шығып, қарсыласын 5:4 есебімен жеңіп кетті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.