"Кіші әлем чемпионатына" қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды

2 561

Фото: ашық дерек көзіБолгария елінің астанасы Софияда бокстан "Странджа" халықаралық турнирі өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Осымен 75-рет ұйымдастырылатын турнирге қазақ боксшылары да қатысады. "Странджа" халықаралық турнирі әуесқой бокстағы беделді жарыстардың бірі. Тіпті оны "кіші әлем чемпионаты" деп те атайды. Биылғы жарыс 2-12 ақпан аралығында өтеді. 

Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар.

51 кг: Санжар Тәшкенбай

54 кг: Дәулет Молдашев

57 кг: Оразбек Асылқұлов

60 кг: Руслан Күзеубаев

63,5 кг: Ерасыл Таңқай

67 кг: Дулат Бекбауов

71 кг: Талғат Шайкен

75 кг: Нұрқанат Райыс

80 кг: Тұрсынбай Құлахмет

86 кг: Абзал Құттыбеков


Былтыр елімізден 57 келідегі Оразбек Асылқұлов — күміс, 75 келідегі Нұрқанат Райыс — қола жүлде алған еді.


Айта кетейік, Олимпиада ойындарына лицензия беретін жарыс ақпан айының соңында Италияда басталады. Оған былтыр Қазақстан спартакиадасында жеңімпаз болған боксшылар аттанады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.