ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Адмирал» командасына қарсы ойнайды

2 268

Фото: ХК "Барыс"Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 29 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:20–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 16-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Биыл «Барыс» жеті кездесудің үшеуінде басым түсіп, қалғанында жеңілістің ащы дәмін татты. Ал «Сибирь» жеті кездесудің төртеуінде қарсыласын қапы қалдырды.

Турнир кестесінде «Барыс» 9 ұпаймен 13 орынға жайғасса, «Адмирал» 8 ұпаймен 18 орынды місе тұтып тұр.

Енді елордалық клуб алдағы бір ойынын Астанада 1 қазанда «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді. 

Айта кетсек, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.