Қуат Хамитов Дубайда жеңіске жетіп, Республика күнімен құттықтады

2 586

Фото: instagram.com/kuat__khamitovҚазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов (26-8-2) Дубайда өткен ACA 194 турнирінде ресейлік қарсыласын жеңіп, жекпе-жектен кейін барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жеңістен кейін октагон ортасында сөз алған спортшы қазақша ән шырқап, еліміздегі бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды.

«Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 10 жыл бойы қазақша ән айтып келемін. Біз бұл бейбіт күнге оңай жеткен жоқпыз. Осы тыныштығымызды сақтап, елін-жерін сүйетін патриоттар көбейсін! Бұл жеңісімді барлық қазақстандық патриоттарға арнаймын», — деді Хамитов.

37 жастағы спортшы бұл кездесуде 26 жастағы ресейлік Анатолий Бойкомен (12-4) күш сынасты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылып, толық уақыт өтті. Нәтижесінде төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Қуат Хамитовке берілді.

Айта кетейік, бұл жеңіс қазақстандық файтердің кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісі болды. Ал қарсыласы Анатолий Бойко карьерасындағы төртінші жеңілісін тіркеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.