Ұлттық құрама Белградтағы турнирде алғашқы лицензиялық ұпайға қол жеткізді

2 524

Фото: Спортты дамыту дирекциясыКёрлингтен Ұлттық құрама спортшылары Сербия астанасы Белградтағы II Serbian Curling Jubilee Bonspiel халықаралық турнирінде бақ сынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Айдос Аллияр мен Тылсымай Аллиярова Ұлыбритания, Босния және Герцеговина құрамасындағы қарсыласынан басым түсті. Алайда Ресей мен Мажарстан командасына есе жіберді. Ширек финалға шығу арқылы Айдос пен Тылсымай алғашқы лицензиялық ұпайларына қол жеткізді. Барлық 15 команданың ішінде еліміздің бірінші Ұлттық құрамасы 8-орын алды.


Ал Қазақстан-2 командасы (Мерей және Ибрагим Тастемір жұбы) бір ойында жеңіске жетіп, жалпы есепте 9-шы сатыдан көрінді.