Нұрислам Санаев әлем чемпионын жеңіп, Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

290
Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын жеңді. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды. Жартылай финалда Нұрислам 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері үндістандық Кумар Равимен кездеседі. Жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады. 

 
Айта кетейік, 1/8 финалда Нұрсилам Санаев Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиномен кездесіп, 7:0 есебімен жеңіске жеткен еді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.